"Санжар Асфендияров - Ұлы тұлға" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Санжар Асфендияров - Ұлы тұлға" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
14
октябрь
2024

"Санжар Асфендияров - Ұлы тұлға" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

14 қазан күні ⚜️"Ұлы даланың ұлылары"⚜️ атты тәрбиешілер бірлестігінің онкүндігі аясында тәрбиешілер Л.Әлібекова, А.Аханованың ұйымдастыруымен 7 сынып оқушыларына мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог Асфендияров Санжар Жапарұлының 135 жылдығына арналып, "Санжар Асфендияров - Ұлы тұлға" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 
✅Тәрбие сағаттың мақсаты: Оқушыларға мемлекет қайраткері, тарихшы-ғалым, дәрігер, профессор Санжар Асфендияровтың өмірі мен қызметі туралы таныстыру, белгілі ғұламаның Қазақстандағы академиялық ғылымның дамуына қосқан сүбелі үлесі мен ғылыми еңбектерін кеңінен насихаттау.
📝Санжар Асфендияров 1889 жылы 20 қазанда Ташкент қаласында дүниеге келген.
1919 жылы қазан айында Түркістан АКСР Денсаулық сақтау халық комиссариатына басшылық еткен алғашқы қазақ болды.
Петербургте революцияға дейін Императорлық әскери-медициналық академияны аяқтап, әскери дәрігер және медициналық қызмет лейтенанты атағын алған бес қазақтың бірі.
1927 жылы біржолата ғылыми жұмысқа ауысып, РСФСР Орталық Атқару Комитеті жанындағы Н.Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры болып тағайындалды.
1937 жылы 22 тамызда «халық жауы» ретінде тұтқындалды.
1938 жылы 25 ақпанда Алматыда КСРО Жоғары Сотының Әскери алқасының көшпелі сессиясының қаулысымен сотталып, ату жазасына кесілді.
1958 жылы 25 мамырда ақталды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі 1989 жылғы 11 қаңтарда Алматы мемлекеттік медицина институтына оның есімін беру туралы қаулы қабылдады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив