

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында бастауыш топ тәрбиешілер бірлестігінің ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылығын, танымдылығын, интеллектуалды бастамаларын дамыту, дарынды оқушылардың таланттарын арттыру мақсатында "Өнертапқыштыққа алғашқы қадам" тақырыбында бастауыш сыныптар арасында сайыс өткізілді.

Сайыс барысында өнертапқыштық қабілеті жоғары, ой-өрісі мен қиялы шарықтаған оқушылар алуан түрлі макеттері мен жобаларынан үлкен көрме қойып, өз қолдарымен жасаған еңбегін ұстаздарға көрсетті.

Сайыс соңында белсене қатысқаны үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Дүйсенбаева оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.

Сайысқа қатысу – бұл жай ғана жарыс емес, оқушыларға өз идеялары мен жобаларымен бөлісу мүмкіндігі.
Инновациялар мен жаңалықтарға толы әлем құруға мүмкіндігіміз бар екенін көрсету және мүмкін емес нәрсені жасай алатынымызға көз жеткізу.

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту, техникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру және жаңа идеялар мен инновацияларды қолдау.