Ол жас өркендерге жол көрсетер жылыжай жұмысы » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ол жас өркендерге жол көрсетер жылыжай жұмысы
23
май
2024

Ол жас өркендерге жол көрсетер жылыжай жұмысы

🔰Мектептеріміз оқушыларды еңбекпен баулудан кемшін түсіп жатыр деп кейде сын айтып қалып жататынымыз бар. Алайда, кейбір мектептердің оқушыны еңбекке баулудағы, масылдықтан көзқарастан арылтудағы еңбектерін көрсеңіз сүйсінесіз. 
Сондай ерен еңбектің бірі Қызылорда қаласы №8 мектеп-интернатында дәл қазір өз жемісін беріп жатыр. Ол жас өркендерге жол көрсетер жылыжай жұмысы.
Көктем шығысымен алғашқы көкөніс берген жылыжайдың жауапты маманы, мектеп-интернат меңгерушісі Орынбасарова Жамал Әбдіхалыққызымен жолыққан болатынбыз. Күн әлі жыли қоймаған, қыстың ызғары сызданып тұрған көктемнің алғашқы айында-ақ тамылжытып кіргеннен-ақ бағбандық еңбекті көрдік. Мұндағы жемістер ұстазбен балалардың бүгінгі ғана жемісі емес, болашаққа еккен жемістері іспетті. Әрбір түптің астарында үлкен жұмбақ жатқандай. Миуалы бағына сүйсіне қарап сыр шерткен Жамал Әбдіхалыққызы: - Қазіргі заманда дүкен сөрелерінде сыңсып тұрған тағамдардың қайсысы құнарлы, қайсысы ағзамыз үшін пайдалы екенін де білмейміз. Ал жылыжайдан оқушылар өз қолдарымен егіп, өсу, өнім беру кезеңдерін көздерімен көрген, экологиялық тап-таза, дәрумендерге бай көкөністерді алып тұтына алады. Бұл жұмыс мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Теміров ағай екеуміздің және еңбекқор оқушылардың көз қарашағымыздай құнды десек болғандай, - дейді қуанып.
Көкөніс бағымыз мектеп-интернат директоры Берікбол Төлеуовтың қолдауымен құлпырса, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, жылыжай шаруашылығының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Самалбек Қосановтың берген кеңесінің нәтижесінде гүлденуде, - дейді бағбан. Оқушылар бақша өнімдерін қалай баптау керектігін көріп, өздерінің еңбектеріне мәз болып, апайларымен бірге шалғам (редиска), салат жапырағы, көк жуаны жинап алып, мектеп-интернат асханасындағы апайларына ұсынады.
Бұл оқушыларымызды еңбекке баулу болып табылса, екінші жағынан әрбір өнімнің артында үлкен еңбектің жатқанын сезіну, түсіну, бағалау емес па? Ауыл тұрмақ қалада жұмыс жоқ деп масылдыққа салынатындарға бұл бір үлгі болмақ. Аядай жерден аста-төк өнім алып жатқан оқушылардың еңбегі көпке өнеге болар деп ойлаймыз. Айта кетейік, алдағы уақытта тропикалық өсімдіктерді ғылыми жоба аясында өсіреміз дейді баптаушы ұстаз. Біз осылайша мектеп оқушыларының біліммен ғана емес, тәлімді еңбекпен де нәрленіп жатқанын көріп қайттық. 
Сәкен АЛДАШБАЕВ,
"Сыр дидары" газеті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив