

"Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!" апталықтың жоспары бойынша 2025 жылдың 17-20 наурыз күндері

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында жоғарғы топ тәрбиешілер бірлестігінің ұйымдастыруымен 5--9 сынып оқушылары

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай

"Құтты болсын, әз Наурыз!"

атты мерекелік кеш өткізді.

Мерекелік кеш барысында Наурыз мерекесі Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келуіне орай оқушылар «Жарапазан» айту салт-дәстүрімен басталып, бата алды.

Мерекелік кеште мектеп-интернат директоры Берікбол Оразгелдіұлы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлфарида Сейткамалқызы сөз алып, оқушыларды 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекелерімен құттықтап, көрсетіп жатқан өнерлеріне дән ризашылығын білдірді.

Аталған кеште оқушылар көрініс қойып, әсем ән айтып, би билеп, айтыс орындады. Сонымен қатар мектеп театры жобасы аясында қазақтың ұлттық киімдерін киген оқушылар өлең-жырларын айтып, "Ерулік беру" сияқты ұлттық дәстүрлерден қойылым қойып, олардың мән-мағынасын түсіндіріп, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!