
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 1 "А" сынып оқушыларына "Жолда жүру ережесі" тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтау, балаларды жол белгілерімен таныстыру, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екендігін түсіндіру.

Жаяу жүргінші жолымен жүр!

Жолдан әрқашанда жасыл түс жанғанда өт!

Жолға жақын жерде велосипед тебуге болмайды!

Тротуардан жолға қарай өте жақын жүрме!

Жол жүру ережесін есіңе сақта!
