
№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатының 5 сынып оқушылары

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасады.

Музейге саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.

Саяхат барысында оқушыларды музей қызметкерлері ерекше ілтипатпен қарсы алып, экскурсия жұмысын жүргізді.

Бұл саяхат оқушылар үшін ерекше әсерлі болды – олар туған өлкенің терең тарихы, мәдени жәдігерлері және ұлттық мұраларымен жақын танысып, мол мағлұмат алды. Музей ішіндегі бай мазмұнды экспозициялар оқушылардың қызығушылығын оятып, таным көкжиегін кеңейтті.

Саяхат соңында оқушылар музей қызметкерлеріне риясыз ризашылықтарын білдірді.

Тарихпен танысу – болашаққа жол!



