
"ЕСКЕРТКІШ - АТА МҰРАСЫ"

Тарих - туған жерден басталады. Сондықтан жас өскіндеріміз өзі тұрған қаласының тарихын білуі керек.

Оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын ояту, ой-өрістері мен танымдық қабілеттерін арттыру, тарихи ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында мектеп-интернат оқушыларына саяхат сабағы ұйымдастырылды.

Саяхатшылар Алаш жұртының қарашаңырағы мен астанасына баланған, адамзат өркениетінің көне ошақтарының бірі Сыр өңірінің тарихи және мәдени сәулет құрылыстарымен танысты. Олар көне ғимараттардың тарихи маңызы жайында жан-жақты мәлімет ала отырып, барлық ескерткіштерді қызыға тамашалады.

Экскурсия жасөспірімдерге өңірдің рухани-мәдени құндылықтарын есте сақтауына және танымдық көзқарастарының кеңеюіне айтарлықтай үлес қосты.