

Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының 5 сынып оқушылары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасады.
Қызметкерлері оқушыларды ерекше ілтипатпен қарсы алды.
Оқушыларымыз өз сұрақтарын қойып, көптеген құнды ақпараттар алып, аса қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті.

Тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасау тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, оқушыларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.

