Информатика пәнінің мұғалімі С.Абсаламованың ұйымдастыруымен 5-сынып оқушыларына "Бұрылыстар" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Жаратылыстану" пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" атты онкүндігі аясында информатика пәнінің мұғалімі С.Абсаламованың ұйымдастыруымен 5-сынып оқушыларына "Бұрылыстар" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ барысында оқушылар гироскопиялық датчик арқылы роботтарды жүргізіп, қозғалысты басқарудың негізгі қағидаларын түсініп, бұрылыстарды бағдарлама бойынша орындау, құрылғының бағытын нақты бақылау және бағытты дұрыс реттеу жолдарын меңгерді.
Мақсаты: Оқушыларға гироскопиялық датчик арқылы роботты басқаруды үйрету, бұрылыстардың алгоритмдік мәнін түсіндіру, бағдарлама бойынша әрекеттерді дұрыс орындау және қозғалысты тиімді басқару қабілетін қалыптастыру.