химия пәнінің мұғалімі Д.Қыраубаеваның ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларына «Аммиактың қасиеттері, алынуы және қолданылуы. №6 практикалық жұмыс: “Аммиа
№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Жаратылыстану" пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" атты онкүндігі аясында химия пәнінің мұғалімі Д.Қыраубаеваның ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларына «Аммиактың қасиеттері, алынуы және қолданылуы. №6 практикалық жұмыс: “Аммиакты алу және оның қасиеттерін зерттеу”.» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ барысында оқушыларға аммиактың физикалық және химиялық қасиеттері, алыну жолдары мен өндірістегі және тұрмыстағы қолданылуы түсіндірілді. Практикалық жұмыс кезінде аммиакты алу тәжірибесі жасалып, оның өзіне тән қасиеттері зерттелді.
Мақсаты: Оқушыларға аммиактың физикалық және химиялық қасиеттерін, алынуы мен қолданылуын түсіндіру.