

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Жаратылыстану" пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" атты онкүндігі аясында физика пәнінің мұғалімі А.Есжанованың ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларына "Кері итеруші күш" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақ барысында оқушылар денелердің өзара әрекеттесуі кезінде пайда болатын кері итеруші күштің табиғатын түсініп, оның бағыты мен шамасын анықтауды үйренді. Сонымен қатар күштердің әрекет ету жолын байқады, күнделікті өмірдегі мысалдарды талдап, кері итеруші күштің қозғалысқа, тепе-теңдікке және заттардың өзара ықпалына әсерін түсінді.

Мақсаты:
• Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын кері итеруші күштің мәнін түсіндіру.
• Күштің бағыты мен шамасын дұрыс анықтауға үйрету.