
Оқушылар қойылым барысында өз рөлдерін жоғары деңгейде орындап, еңбекқорлық пен адалдықтың маңызын көрермендерге әсерлі жеткізе білді.

"Еңбек - бақыт бастауы" - тәрбиелік мәні бар ертегі. Онда еңбекқор және жалқау адамдардың айырмашылығы көрсетіледі. Еңбекқор адам өз еңбегімен жетістікке жетсе, жалқау адам еш нәтижеге қол жеткізе алмайды.

Мақсаты: Оқушылардың еңбекке деген құрметін арттыру, адал еңбектің қадірін түсіндіру.