Жабылу салтанатында 🎭"Мектеп театры" жобасы бойынша Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жабылу салтанатында 🎭"Мектеп театры" жобасы бойынша Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл
02
март
2026

Жабылу салтанатында 🎭"Мектеп театры" жобасы бойынша Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл

⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
🔰🏫 №8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында "Жаратылыстану" пәндер бірлестігінің "Жаратылыстану ғылымдары және жасанды интеллект: болашаққа қадам" атты онкүндігінің жабылу салтанаты өтті.
♻️ Жабылу салтанатында 🎭"Мектеп театры" жобасы бойынша Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай "Қазақстан халқының бейбітшілік пен ядролық қарусыз әлем құру жолындағы күресі - бейбітшілікке бастар жол!" тақырыбында оқушылар қойылым қойды.
♻️ Қойылым барысында оқушылар халқымыздың бейбіт бастамаларын, татулық пен келісім көріністерін әсерлі жеткізіп, ядролық қарудан бас тартудың маңыздылығымен қатар өмірге деген ұмтылысын және болашақ ұрпақтың жарқын келешекке сеніммен қарайтынын көрсетті. Сонымен қатар ән орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
♻️ Жабылу салтанаты соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Дүйсенбаева сөз алып, "Жаратылыстану" пәндер бірлестігіне және оқушыларға шығармашылық белсенділіктері мен салтанатты шараға қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, мектеп-интернат директоры Берікбол Оразгелдіұлының алғыс хатымен марапаттады.
✅ Мақсаты: Болашақ ұрпақтың жарқын келешекке сенімін қалыптастыру, көрермендерге рухани әсер беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив