

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында

№8 облыстық санаториялық мектеп- интернатында жоғарғы топ тәрбиешілердің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің "Биология, география, химия" білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Қосанов Самалбек Оразбайұлы, мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Теміров, мектеп-интернат меңгерушісі Жамал Орынбасарованың қатысуларымен мектеп-интернат ауласында орналасқан

жылыжайда 5-9 сынып оқушыларына

"Адал-еңбек - адалдықтың белгісі"

тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағаты барысында Қосанов Самалбек Оразбайұлы оқушыларға бақша өнімдерін қалай егіп, баптау керектігін түсіндіріп, "Еңбек етсең еріңбей, тояды қарның тілеңбей" сөзінің мағынасын ұғындырып, еңбек еткен адамның үлкен жетістікке жететінін айтып өтті.

Тәрбие сағаты соңында Қосанов Самалбек Оразбайұлының кеңесімен және тәрбиешілердің көмегімен оқушылармен бірге биылғы жылдың ерекшелігі голландиялық

қияр «Хайрот F1», «GUNNAR F1» түрлері егілді.

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды адал еңбектің маңызын түсінуге, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
