📚 1 - ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ ✨ » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2026

📚 1 - ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ ✨

     📚 1 - ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ ✨
📚 1 қыркүйек - білім әлеміне алғаш қадам басқан оқушылар үшін ерекше күн. Осы айтулы мерекеге орай 🏫№8 облыстық
санаториялық мектеп-интернатында 1-сынып оқушыларына арналған 🇰🇿"Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі" тақырыбында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
🌺 Салтанатты іс-шарада мектеп-интернат директоры Толеуов Берикбол Оразгелдіұлы, мектеп-интернаттың ардагер ұстазы Жусенова Рыскүл Әмірбекқызы және ата-ана Апсадыкова Зейне Касымхановна сөз алып, барша ұстаздар қауымын, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушыларға ақ жол, сәттілік пен жарқын болашақ тілеп, ізгі тілектерін білдірді.
🌺 Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, алғашқы 🔔қоңырауын соқты.
🌺 Сонымен қатар әр сыныпта біріңғай сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушылар 🇰🇿 Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған көрнекіліктермен танысып, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат алып, өз ойларын ортаға салды.
🇰🇿 Конституция – еліміздің тұрақтылығы мен тәуелсіздігінің, азаматтардың ұюю мен бостандықтарының берік кепілі.
Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік және заңға құрмет сезімін қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет!
🌺 Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы табысты, білімге толы болсын! 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив