29
апрель
2023
"Кітап - тарих, шежіре"
17-21 сәуір аралығында Халықаралық кітап және авторлық құқық қорғау күніне арналған "Кітап - тарих, шежіре" тақырыбында апталық өткізілді.
Апталықта "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында көптеген 5 сыныптар арасында "Кукушка" ертегісі мен "Кітаптар мұңы" қойылымдары қойылып, "Ескерткіштер сыр шертеді" тақырыбында саяхат сабағы, "Кітап - жан азығы" тәрбие сағаттары, "Кітап - қымбат қазына" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Апталықтың қорытынды кешінде апталыққа белсене қатысқан оқушылар мен кітапқұмар оқырмандар марапатталды.




