25
апрель
2023
Жол қауіпсіздігін сақтау - баршаға міндет!
Жол қауіпсіздігін сақтау - баршаға міндет!
Қазіргі кезде қаламызда көлік саны артқан сайын одан келетін қауіп те жоғарылауда.
Күн сайын қала көшелерінде жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауы салдарынан оқыс оқиғалар жиі белең алуда. Осы жағдайлардың алдын-алу мақсатында мектеп-интернатымызда "Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!" тақырыбында арнайы маман өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге келген ҚПБ ЖПҚБ ППБ-ның полиция лейтенанты Жақсылықов Бекзат Маратұлы жол қауіпсіздігі туралы түсіндіріп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларға жадынамалар таратылды.

