"Пікірталас – жанжал емес" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2023

"Пікірталас – жанжал емес"

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 10 қазан күні педагог-психологы Б.Акмурзаева және әлеуметтік педагог Г.Утембетованың ұйымдастыруымен психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес 6 сынып оқушыларына "Пікірталас – жанжал емес" тақырыбында психокоррекциялық тренинг өтті. Сонымен қатар 5 сынып оқушыларына да "Менің мектептегі сезімім" тақырыбында тренинг өткізілді. "Менің мектептегі міндеттерім мен құқықтарым" тақырыбында сауалнама алынды.
📚 Тренингті оқушылар әртүрлі көңілді сәлемдесуден бастады және тренинг ережесін құрастырып, сабақтың тиімді, қызықты өтуіне белсенділік танытты. 📋
🔰Мақсаты: 
📌Жанжал жағдайларында мінез-құлықтың сындарлы (конструктивті) амалдарын дамыту.
 📌Сенімділік тәжірибесін толықтыру.
 📌Құрбыларымен кикілжіңсіз өзара сыйласымды қарым-қатынас жасауға дағдыландыру. 
📌Жаңадан келген жасөспірімдердің мектепте сезінуін айқындау.
📌Сауалнаманың алыну мақсаты: Оқушының мектептегі міндеттері мен құқықтары туралы білу, өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрену.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив