10
март
2022
"Талаптан да, білім мен өнер үйрен!"
8 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 07-17 ақпан аралығында эстетикалық пәндер бірлестігінің "Талаптан да, білім мен өнер үйрен!"дәстүрлі онкүндігі болып өтті. Мақсаты: эстетикалық терең құндылықтары бар қазақтың ұлттық қасиеттерін бойына дарыта отырып, оқушыларға қазақ өнерінің озық үлгілерін заманауи түрде үйрете отырып, өнерлі, білімді, мәдениетті, салауатты ұрпақты тәрбиелеу.
Онкүндік салтанатты ашылуымен бастау алып, пән мұғалімдерінің ашық сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстары, тартысты жарыстар мен қызықты сайыстарға жалғасты.
Биылғы балалар жылына орай онкүндіктің жабылуы сыр өңіріне белгілі эстрада әншілерінің концерттік бағдарламасымен және белсене қатысқан оқушыларды марапаттаумен аяқталды.



https://www.facebook.com/100041684740405/videos/pcb.821828892549928/1134319023986463