"Еңбегі адал жас өрен" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
март
2024

"Еңбегі адал жас өрен"

🌿Жылыжай - жылу сүйетін 🥒🥦🌽🫑🥬🍅 көкөністер мен басқа да өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін құрылыс.
"Еңбегі адал жас өрен" жобасы аясында Қызылорда облысының білім басқармасының «№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» директоры Толеуов Берікбол Оразгелдіұлының қолдауымен және арнайы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, жылыжай шаруашылығының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Қосанов Самалбек Оразбайұлының кеңесімен қатар мектеп-интернат ұжымы мен оқушылардың еңбектерінің арқасында бүгін жылыжайдағы бақша өнімдері өз жемісін бере бастады. Оқушылар бақша өнімдерін қалай баптау керектігін көріп, өздерінің еңбектеріне мәз болып, апайларымен бірге шалғам (редиска), салат жапырағы, көк жуаны жинап алып, мектеп-интернат асханасындағы апайларына ұсынды. Бұл біздің оқушыларымызды еңбекке баулу болып табылса, екінші жағынан асханамыздың ас мәзірі адам денсаулығына пайдалы, ешқандай қоспасыз өскен таза өніммен толығады. Мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Теміров, мектеп-интернат
 меңгерушісі Ж.Орынбасарова алғашқы жылыжай өнімін көріп, алдағы уақытта мол өнім алатынымызға өз
 сенімдерін білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив