18
март
2024
⚜️17-НАУРЫЗ — «👨👩👧👦ШАҢЫРАҚ КҮНІ👨👩👧👦»⚜️
Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.
Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған.
Мереке құтты болсын! Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, терезелеріңіз тең болсын. Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.
