"Бала бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ата-ананың рөлі" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бала бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ата-ананың рөлі"
12
февраль
2024

"Бала бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ата-ананың рөлі"

Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды бағалауға оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Отбасы тіршілігінде ұлттық құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса, баланың ұлттық сана-сезімі ерте оянады. Осы мақсатта мектеп-интернатымызда "Бала бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда ата-ананың рөлі" тақырыбында ата-аналармен ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні барысында интернат меңгерушісі Ж.Орынбасарова ұлттық құндылықтар аясында атқарылып жатқан шаралармен таныстыра отыра ұлттық нақышта безендірілген жатақхана бөлмесін және мектеп-интернат ауласында орналасқан жылыжайды көрсетті. Сонымен қатар "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының жұмыс жоспарына сәйкес сынып жетекшілер Ж.Жеңсікбаева, Ж.Ибраева және педагог-психолог Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруларымен ата-аналарға тренинг өткізілді. Тренинг өткізу барысында ата-аналар топтық тапсырмаларды орындап, қызықты ойындар ойнады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив