"Сіздің темпераментіңіз" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2024

"Сіздің темпераментіңіз"

 9 қаңтар күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 1 сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, педагог-психолог Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруымен 2024 жылдың қаңтар айындағы психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес "Сіздің темпераментіңіз" атты темперамент типтерін анықтау мақсатында 1"а" 1"ә" сынып оқушыларынан темперамент тест жұмысы алынып, зерттеу бақылау жұмысына 21 оқушы қатысты.
📝 Темперамент адамның туа бітті қасиеті, өзіне ғана тән жеке биологиялық ерекшелігі. Осы темпераменті бойынша адамдар төрт типке бөлінеді: 1.Сангвиник: ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам. 2.Флегматик: жүйке жүйесі күшті, қозғалысы баяу, қозуы мен тежелуі тең. 3.Холерик: ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті. 4.Меланхолик: жүйке жүйесі әлсіз. Осы төрт типті негізге ала отырып, оқушылардың туа бітті қасиетін, бойындағы қалыптасқан мінез-құлқын анықтап, әрі қарай әр оқушыға сай оларды өмірге бейімдеу тұғырында бір-бірін сыйлауға, дос болуға, құрметтеуге, сыныппен болуға шақыру. Мінез бен қабілетін сараптай отырып, жүйелі жұмыс жасау арқылы оқушылардың темпераментін анықтау.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив