📌📚STEM - БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📌📚STEM - БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ
14
январь
2025

📌📚STEM - БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ

📌📚STEM - БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ
🔰Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «ХХІ ғасыр – өзгермелі әлемдегі жасампаз ұрпақтың дәуірі. Жаңа цифрлық даму кезеңінде қоғамның игілігіне қызмет атқаратын ұлағатты ұрпақты тәрбиелеу ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады» деген болатын. Осы мақсатта 2024 жылдың желтоқсан айында заманауи STEM - білім беру зертхана кабинеті жабдықталды. 
✅Мектеп-интернат мұғалімдеріне заманауи технологиясы бойынша кәсіби дамуына ықпал ету бағытында Информатика пәні мұғалімі С.Абсаламова, IT бағдарламашысы әрі мұғалімі С.Беисов «Сабақтағы жаңаша IТ приложениялар» тақырыбында Mozaik3d интерактивті тақтасын, интерактивті модульдер арқылы МоzaBook, WordWall, Educaplay платформа тапсырмаларын орындатып, 3D модульдік принтер, робототехникамен жұмыс жасаумен қатар STEM технологиясын тиімді қолдану жолдарын көрсетті. 
✅Мұғалімдер STEM білім беру жайлы толық ақпараттанғандарын, жаңаша тәсілдерді үйреніп алғандарын айтып, жаңа модификациялық үлгідегі зертхана кабинеті оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік беріп, білімімізді кеңейтіп, ғылыми жетістіктерге қол жеткіземіз деген үміттеміз деді.
✅STEM - білім беру зертханасында IT бағдарламашысы әрі мұғалімі С.Беисов оқушылардың қатысуымен сабақ өткізді. Сабақ өткізу барысында жаңадан келген құрылғылармен және робототехника саласымен таныстырып, техника дағдыларын арттыру жолдарын үйретіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.
📌STEM - бұл инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі (интеграциялау) негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив