
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында тәрбиешілер бірлестігінің онкүндігі аясында тәрбиешілер Г.Айдарбекова, А.Мамытованың ұйымдастыруымен оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды және цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолданып, білім алушыларды заманауи талаптарға сәйкес жан-жақты дамыту мен оқытуда тәжірибе алмасу мақсатында "Цифрлық білім беру ресурстарын тәрбие үрдісінде қолдану" тақырыбында мұғалімдер және тәрбиешілермен бірге коучинг өткізілді.
Коучинг барысында “Цифрлық білім беру ресурстарын тәрбие үрдісінде қолдану” туралы сұрақтарға жауап беріліп, әр платформаға тоқталып түсіндіріліп көрсетілді. Аталған цифрлық ресурстар бойынша әріптестеріміз берілген тапсырмаларды қарқынды түрде орындап, қызығушылық танытты.

Оқушыны дамытатын дағдымен қабілеттерін арттыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану - әрбір мұғалімнің басты міндеті.

Білім беру платформаларын сабақта қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділіктері артуына мүмкіндік туғызып, өздігінен ізденіп, өзіне деген сенімділік қалыптастырады.

Коучинг мақсаты:

Мұғалімдерге цифрлық ресурстарды қолдана отырып, цифрлық құзыреттіліктерін дамыту.

Мұғалімдердің білім сапасын жетілдіру.

Жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып, оқытуды қызықты және түсінікті етуге мүмкіндік беру.
