

26 сәуір күні

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында бастауыш пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында бастауыш пәні мұғалімі В.Демесинованың ұйымдастыруымен "Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану, оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды жақсартудың кепілі" тақырыбында коучинг өткізілді.
Коучинг барысында қатысушылар жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын және сабақта қолдану жүйелерімен өзара бірлесіп талқыға салды.

Оқушыны дамытатын дағдымен қабілеттерін арттыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану - әрбір мұғалімнің басты міндеті.

Мақсаты: Сапалы білім беруде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарды түрлендіру жолдарымен ой бөлісу, пікір алмасу. Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқытудың мақсаттарына қол жеткізу.
