🪴ЖЫЛЫЖАЙ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ🪴 » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🪴ЖЫЛЫЖАЙ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ🪴
13
сентябрь
2024

🪴ЖЫЛЫЖАЙ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ🪴

🪴ЖЫЛЫЖАЙ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ🪴
2024-2025 оқу жылында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат директоры Берікбол Оразгелдіұлы жылыжай жұмысы қарқынды жүруіне қолдау көрсетіп келеді.
✅«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында тәрбиешілер мен білім алушылардың бірлескен "КҮЗГІ АСАР" акциясы 10 қыркүйектен бастап жылыжай жұмыстарымен бастау алды. 
✅«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, жылыжай шаруашылығының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Қосанов Самалбек Оразбайұлының кеңесімен, мектеп-интернат меңгерушісі Жамал Орынбасарова мен тәрбиешісі Марфуға Шағырованың жетекшілігімен және оқушылардың қатысуымен
голландиялық қияр «Хайрот F1» түрі егілді.
✅Жылыжай арқылы оқушыларымызды еңбекке баулу, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту, көкіністер өсіруді, оларды күтіп баптауды үйрену болып табылса, екінші жағынан асханамыздың ас мәзірі адам денсаулығына пайдалы, ешқандай қоспасыз өскен таза өніммен толығады.
✅Ерінбей еңбек еткен адамға Жер-Анамыздың берері көп, ендігі кезекте осы еңбектің нәтижесінде өнім алу.
Өніміміз мол, берекелі болсын! 🫑🍇🍏🍈🥒🥦🥬🌽🥕🫒
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив