
Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері, әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздық қызмет – үлкен жауапкершілікті, үздіксіз ізденісті және әр шәкіртке деген ерекше ықыласты талап ететін абыройлы мамандық. Сіздер жас ұрпаққа сапалы білім беріп, олардың білімге деген қызығушылығын арттырып, алға қойған мақсаттарына жетуіне бағыт-бағдар беріп келесіздер.

Бүгінгі шәкірттің жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі. Оқушыларыңыздың әрбір биігі мен қуанышы – сіздердің маңдай терлеріңіз бен тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесі деп білемін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шығармашылық ізденіс пен кәсіби табыс тілеймін. Еңбектеріңіз еленіп, мерейлеріңіз үстем болсын. Шәкірттеріңіздің алғысы мен жетістігі сіздерге әрдайым үлкен қуаныш сыйласын!

Ұстаздар күні құтты болсын!


Құрметпен, №8 облыстық санаториялық мектеп-интернат директоры Толеуов Берикбол Оразгелдіұлы.