12
октябрь
2023
"Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын"
"Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын" деген екен қазақ сахна, кино өнерінің саңлағы Шәкен Айманов.
11 қазан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының тәрбиешілері Л.Алибекова, А.Сарсенбаеваның ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларымен бірге "Қазақ киносының саңлағы Шәкен Айманов" атты шығармашылық кеш өтті.
Қазақ өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, талантты актері әрі режиссері болғаны туралы, ұлттық театр өнері мен кино саласының қалыптасуы мен дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнағанын экран арқылы видеоролик көрсетіліп мағлұмат берілді.