

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында орта буын оқушылары мен жоғарғы сынып оқушылар арасында шығармашылық қабілетін арттыруға, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге, патриоттыққа, ұлтжандылыққа, елін сүюге тәрбиелеуге, жас ұрпақтың білім деңгейін жоғарылатуға, өмір жолдарына бағыт-бағдар беруді негізге ала отырып, жүйелі түрде мектеп-интернат аясында 9-20 қазан аралығында "Бабалар салған жол" атты тәрбиешілер бірлестігінің онкүндік жоспары өтті. Осы онкүндік жоспарда тәрбиешілер өздерінің жоспарларына сәйкес әр түрлі тақырыпта қамтылған тәрбие сағаты мен іс-шаралар, кештерді ұйымдастырып, жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданды. Оқушылар берілген ән-күйді, би мен сахналық қойылымдарды, спорттық, ұлттық ойындарды, мәнерлеп оқу, жаттау тұғырында өздерін жан-жақты тұстарынан көрсетіп, жауапкершілікпен, қызығушылықпен орындап шықты. Мектеп-интернат директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ержан Темиров өте жақсы өткендігін атап, жоғары баға берді. Оқушылардың ізденімпаздықтарын, ұйымшылдықтарын ескере отырып өз дәрежесінде марапаттады. Марапат алған оқушылар қуанышқа бөленіп, ықыластары арта түсті.
