№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 18 қазан күні педагог-психолог Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруымен психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес 8 сынып оқушыларына "Өтпелі кезең психологиясы" тақырыбында дәріс өткізілді. Жастық кезеңде адам өмірінде сан түрлі оқиғалар орын алады. Дәріс өткізу барысында оқушылардың отбасындағы, мектептегі қиындықтарды қалай жеңу керек екенін және өздеріне, достарына қалай көмектесу керек екенін экран арқылы слайд көрсетіліп, таныстырылды. Сонымен қатар психикалық денсаулық туралы толық түсіндірілді.
Өмір - бұл жол, үдеріс, онда түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін екені туралы және қоғамда бұл жағдайларды кездестіре отыра оларды шешім қабылдау арқылы, жеңе білуге бейімдеу үшін қалыпты жағдай ретінде қабылдауға жігерлендірді.
Мақсаты: Өтпелі кезеңді ауқымды түрде оқушыларға түсіндіріп, өмірге қалыптастыру үшін жол көрсету.