"Алтын күз" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
октябрь
2023

"Алтын күз"

🍁Күз мезгілі молшықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. Астық пісіп, оны жинап алу ісі осы күз айларында жүзеге асатындықтан, осы маусымға халқымыз "Алтын күз" деп айдар таққан. Бұл мезгілде халық несібесі, ел ырзығы ғана жиналып қоймайды, сондай-ақ оның осы кезеңде ұрпақты еңбекке баулу, табиғатты тану, Жер ананың қасиетін білуге тәрбиелеу мақсатында түрлі жұмыстар жүргізіледі. Міне, осы "Алтын күз" мерекесіне орай 26 қазан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен 5-9 сынып аралығындағы оқушылардың қатысуымен қолөнер сайысы өткізілді.
🍁Оқушылар алдымен өздерін таныстырып, күз бейнесінде өз қолдарымен дайындаған киімдерінен сән үлгілерін көрсетіп, жемістер мен түрлі заттардан жасалынған сан түрлі қолөнерлерімен таң қалдырды. Сайысты әділқазылар алқасы қорытындылап, оқушыларды "Шебер", "Тапқыр", "Ғажайыптар әлемі", "Сегіз қырлы бір сырлы" номинацияларымен марапаттады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив