"Кітап патшалығындағы мереке" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
апрель
2024

"Кітап патшалығындағы мереке"

2 сәуір күні 📚"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Халықаралық балалар кітабы күніне орай №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат оқушылары Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылған 📚"Кітап патшалығындағы мереке" атты мерекелік кешке қатысты. 
Мерекелік кешке сонымен қатар қаламыздағы Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебі, К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясы, С.Лапина атындағы №261 орта мектебі және І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейдің оқушылары да болды. Оқушылар кітап мерекесіне байланысты көптеген ақпараттар алып, Б.Соқпақбаевтың "Ана жүрегі" әңгімесі бойынша қойылған сахналық қойылымды көріп, ән тыңдады.
Мерекелік кеш соңында дүниетанымын кеңейтетін, ақыл-ойын дамытып,  шығармашылық қабілетін шыңдайтын 
📖"Сиқырлы кітаптар әлемі" атты кітап көрмесімен танысты.
📘Кітап – білім бұлағы болса, кітапхана – рухани қазына ордасы.
✅️Мақсаты: Қазіргі технология дамыған заманда оқушыларды кітапқа деген қызығушылығын ояту және кітап оқуға баулу.,
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив