21
декабрь
2023
Қуыршақ театры "Петух и собака"
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында "Тәуелсіздік - айбыным" атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі қорытындыланды.Онкүндіктің қорытынды кешінде оқушылар үш тілде өлеңді мәнерлеп оқып, ән айтып, би биледі. Қуыршақ театры "Петух и собака" ертегісін сомдап көз қуантса, М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай "Мектеп театры" жобасы негізінде "Ананың сағынышы" тақырыбында қойылым көрсетілді. Актерлік шеберлікпен ойнаған ұстаздар мен оқушыларға көрермендер дән риза болды. Кеш соңында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған "Буккроссинг" қозғалысында көзге түскен талапты шәкірттер марапатталды.