№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 27-28 желтоқсан күндері "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеште оқушылар әр түрлі кейіпкерлердің киімін киіп, қыс мезгілі туралы тақпақтарын нақышына келтіре айтып, хормен "Шырша", "Жаңа жыл" әнін орындап, би билеп өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында Ақшақар өз өнерлерін паш еткен оқушыларға Аяз ата дорбасынан сыйлық тәттілерін берді. Мерекелік кеш жақсы көңіл күймен аяқталды.