"Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
январь
2024

"Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы"

25 қаңтар күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында "Ұлттық құндылық - ұлт болашағы" атты апталық жоспары бойынша тәрбиеші Б.Досекованың ұйымдастыруымен "Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы" тақырыбында спорттық сайыс өтті. Спорттық сайыста оқушылар топқа бөлініп жарысты.
26 қаңтар күні бастауыш сынып тәрбиешілері мен музыка жетекшісі Ж.Доғдырбайқызы, би үйірмесінің жетекшісі Г.Ахметбаеваның ұйымдастыруларымен "Ұлттық құндылықты дәріптейік" атты сахналық қорытынды кеші өткізілді. Ұлттық құндылықтарын бағалап, санасын саралай білген елдің қашанда болмысы бөлек, рухы биік. Осы ұстаным бағытында жас ұрпақ бойына ұлттық дүниелерді үйрету бұл басты мақсат. Осы орайда оқушыларды ұлтық құндылықты айқындата түсетін сахналық кешке тәрбиешілер, музыка мен би үйірмесінің жетекшілері дайындады. Міне, оқушылардың белсене, қызыға қатысып орындап шығуларынан бойларына ұлттық мәдениетті, ұлттық дәстүрді, ұлттық сана сезімді қалыптастырғаны байқалады. Апталықты қорытындылай түскен кешімізде оқушыларға алғыс хаттар берілді. Өз ұрпағын көнеден келе жатқан асыл құндылықтардың мұрагері ретінде ешбір жұртқа ұқсамайтын бөлек бітім-болмысын қалыптастыруға негіз болған салт-дәстүрімізді дамытумен қатар, жаңа мұраларымызды қазіргі заман талабына сай бейімдеп жаңғырту біздің басты ұстанымыз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив