"Жырдың алмас қылышы" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2024

"Жырдың алмас қылышы"

9 ақпан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында 
📖"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында педагог-ұйымдастырушы Р.Абаева, тәлімгер Қ.Жүсіпова, кітапханашы Г.Ержанова және тәрбиешілер Л.Әлібекова, А.Аханованың ұйымдастыруларымен 6 сынып оқушыларына XIX ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі әрі қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында, ақ найзасымен, азаткер асқақ жырымен, қасық қаны қалғанша күрескен қазақтың батыры Махамбет Өтемісұлына 220 жыл толуына орай "Жырдың алмас қылышы" атты тарихи танымдық сағаты өткізілді.
✔️Тарихи танымдық сағатын өткізу барысында ақынның өмірінен мәліметтер айтылды. Оқушылар "Жәңгір хан ордасы" қойылымын қойып, өлеңдерін оқыды.
▪ Махамбет Өтемісұлы өзінің қайраткерлігімен бірге, отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ақын.
✅Мақсаты: 
✓Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқушыларға терең таныту. 
✓Ақындық дарынын өлеңдері арқылы жас ұрпаққа түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушылардың бойына дарыту.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив