
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Тұрақтылықты тұғыр еткен Төле би" тақырыбында 11 қазан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат тәрбиешілері З.Нұрлыбаева, М.Қасымова
5 сынып оқушыларына Төле би Әлібекұлы Ұлы жүздің биі, қоғам қайраткері, шешен, ақын және "Жеті жарғы" заңдар жинағын шығаруға үлкен үлес қосқан тұлға екені туралы толық ақпарат беріліп, видеоролик көрсетілді.

Төле би бабамыз әр істе ұятты ұмытпауға, жаман қасиеттерден аулақ болуға, еңбексүйгіштікке, адалдыққа шақырды.

Мақсаты: Төле би жайлы өмірінен мағлұмат беру. Шешендік сөздер терең оймен, шебер тілмен айтылатын халық шығармасы екені жайлы түсіндіру. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, мейрімді болуға үйрету.
