
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында

"Мейірімділік әлемі" апталықтың жұмыс жоспарына сәйкес

"Мейірімділік менен басталады" бағытында "Біз еңбекқор достармыз" тақырыбы бойынша педагог-психолог Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруымен тәрбиеленуші қыз балалар мен ұл балалардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында еңбекке баулу жұмыстары жүргізілді. Тәрбиеленуші қыз балалар өздерінің жинақтаған аспаздық тәжірибелерін көрсету барысында асханада нан өнімдерін дайындауда ұннан жасалған қамырды жайып, бауырсақ пісірді. Ал, тәрбиеленуші ер балалар үй жағдайында өсетін бөлме гүлдерін жаңартып, қайта отырғызу жұмыстарын жүргізе отыра баптауды және оны дұрыс отырғызуды бойларына жинақтады.

Мақсаты: Оқушыларды еңбекке баулу, ұйымшылдыққа, іскерлікке үйрету.
