"Ауылдан шыққан миллионер" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2024

"Ауылдан шыққан миллионер"

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының кітапханашысы Г.Шакиеваның ұйымдастыруымен 7 сынып оқушыларына жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мағазбекқызы Досжанның "Ауылдан шыққан миллионер" атты кітабымен таныстыру үшін оқырмандар конференциясы өткізілді.
📚📖Оқырмандар конференциясын өткізу барысында оқушыларға "Ауылдан шыққан миллионер" хикаяты туралы видеоролик көрсетіп, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып, аталмыш туындыны талдады. 
📚📖"Ауылдан шыққан миллионер" хикаятында еңбектің қадірін, жастайынан нарықтың талабын біліп өскен Жомарттың жетістіктері шынайы оқиғалармен өрбіген.
Автор осы шығармасы арқылы қазақтың бизнес бастауға ниетті жастарына жол көрсетеді. "Бай болсам!" деп армандаған балаға рухани тәлім береді.
✅Мақсаты: Кітаптағы басты кейіпкер Жомарттың еңбексүйгіштігі мен білімге құштарлығын, спорттағы және өмірдегі жетістіктерін оқушыларға үлгі ете отырып, үлгілі оқушы болуға насихаттау. Кітапты көбірек оқуға және бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив