29
февраль
2024
Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 26 ақпан күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігінің жоспарына сәйкес би үйірмесінің жетекшісі Г.Ахметбаева, музыка жетекшісі Ж.Доғдырбайқызының ұйымдастыруларымен ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшhүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағатын өткізу барысында оқушыларға қазақ әдебиеті мен тарихында, әлем әдебиетінде алатын орны, әулиелігі, ақындығы жайында қызықты мәліметтер айтылды.