29
март
2024
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты семинар өткізілді
Қазіргі таңда еліміздегі білім ошақтарында мектеп оқушыларына тамақ ұйымдастырылып келеді. Берілетін тамақтың сапасы мен құнарлығына аса мән берілуі тиіс және мектеп оқушыларына берілетін тамақтың сапалылығы, ыдыс-аяқтың тазалығы, санитарлық- эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, азық-түліктің сапалы болуы үнемі назардан тыс қалмауы қажет.
Осы орайда №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылар мектеп асханасындағы барлық талаптардың орындалуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, бақылауға алынуға тиіс шараларды атап, өз ойларын ортаға салды.
Негізгі бақылауға алынған шаралар:
• Асхананың санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай болуы.
• Тамақ өнімдерінің сапасы.
• Күнделікті ас мәзірдің сәйкестігі.
• Ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай-күйі.
• Жеткізілген азық- түліктердің сапасы мен сақталу мерзімі.
Семинар соңында қатысушылар оқушылардың тыныс-тіршілігін видеоролик арқылы көріп, мектеп-интернаттың ауласында орналасқан жылыжайымен танысып, көрсетіліп жатқан талаптар өз уақытында орындалып жатқанына көз жеткізіп, семинар жалғасын таба беруіне тілектестіктерін білдіріп, сәттілік тіледі.
[video=]