"Оқыған бала - бәріне озық" » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
апрель
2024

"Оқыған бала - бәріне озық"

4 сәуір күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының кітапханашысы Г.Ержанова және "Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана" КММ-мен бірлесе отырып "Халықаралық балалар кітабы" күніне орай оқушыларға "Оқыған бала - бәріне озық" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 
Шара барысында оқушыларға кітаптың шығу тарихы жайлы айтып, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өз бетінше ізденудің, кітапты көп оқудың арқасында шығармашылығын жетілдіргені әрі бірнеше тілді меңгергені және ойшылдардың еңбегімен танысқандығы жөнінде айта отыра кітапты көп оқу керектігін атап өтті. Оқушылар әр түрлі кітаптар оқып, мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешті. Шара соңында белсене қатысқандары үшін оқушыларға сый-сияпаттар тарту етілді.
📌Балалар кітабы халықаралық кеңесінің шешімімен 1967 жылдан бастап балалардың сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күні, яғни 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні деп бекітілген.
✅Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой - өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив