
9 сәуір күні №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының педагог-психологы Б.Акмурзаеваның ұйымдастыруымен психологиялық қызметтің жоспарына сәйкес 9 сынып оқушыларына "Қиын жағдайдан не үйренеміз?" тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг өткізу барысында оқушылар
"Күн шапағатындағы менің портретім", "Менің өмірім" 3 кезеңнен тұратын:
1. "Мен сенемін"
2. "Мен үшін өте қажетті..."
3. "Мен осылай жасағым келеді" тапсырмаларды орындап, жаттығулар жасады. Тренинг соңында оқушылар өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап алып, кез-келген қиын жағдайдан шығуға болатындығын ұғынды.

Кез келген қиын өмірлік жағдай белсенділіктің бұзылуына, айналамыздағы адамдармен қалыптасқан қарым-қатынастың нашарлауына әкеліп соғады, сезімдер мен жағымсыз эмоцияларды, жеке тұлғаның дамуына теріс салдары болуы мүмкін түрлі қолайсыздықтарды тудырады. Сондықтан адам мүмкін болатын нұсқалар мен жолдар туралы мүмкіндігінше білуі керек.

Мақсаты: Оқушылардың ішкі сезімдерін тыңдап, психологиялық кеңес беру.
[video=
]