11
октябрь
2024
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында «Жарқын жүздесу» атты кездесу кеші өтті.

Кездесу кеш барысында кеш қонағы оқушыларға шығармашылығы және қазіргі қоғамдағы болып жатқан келеңсіздер мен кітаптың өмір түйінін шеше білетін рухани қуаты туралы әңгімеледі.
Мектеп оқушылары жазушы-журналист Жүзбай Таңрықбаевтың кітапхана қорына тарту еткен "Жолдағы ойлар", «Жайсаң жандар», "Сұлушаш", "Өмірдің өз шындығы", "Тәуелсіздік тұғырын биіктеткендер" атаулы кітаптарына шолу жасап, ән айтып, би билеп, түрлі сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.
Кеш соңында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Дүйсенбаева Гүлфарида Сейткамалқызы кешті қортындылап, керемет кеш ұйымдастырған кітапханашыларға, қатысқан оқушыларға және кештің қонағы Таңрықбаев Жүзбай Ибрагимұлына алғысын білдірді.



