30
апрель
2024
📕23-сәуір “ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАП” күні
23 сәуір күні "Кітап - дүние айнасы" тақырыбында "Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана" КММ-нің ашық есік күні өтті. Сонымен қатар "Оқуға құштар мектеп жобасы аясында "Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы" тақырыбында іс-шара өткізілді.
24 сәуір күні "Мақал сөздің азығы, жұмбақ - ойдың қазығы" тақырыбында сайыс түрінде тәрбие сағаты өтті.
25 сәуір күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мағазбекқызы Досжанның "Ауылдан шыққан миллионер" атты кітабымен таныстыру үшін оқырмандар конференциясы өткізілді.
26 сәуір күні "Кітап біздің досымыз!" апталықтың жабылуы барысында оқушылар "Ұстаз ана" хорын айтып, Абайдың 17-ші қара сөзінен көрініс қойып, Ыбырай Алтынсаринның "Кел, балалар, оқылық" өлеңін мәнерлеп оқып, ақын М.Мақатаевтың "Үш бақытым!" өлеңін айтты. "Қазақ биі" орындалып, оқушылар би билеп, "Кітап" әнін шырқады.