"Бұл өмірде мен жалғыз емеспін" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. » №8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
«№8 облыстық санаториялық мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (724) 223 38 48
Есепші бөлімі:
+7 (707) 457 98 69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бұл өмірде мен жалғыз емеспін" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
31
октябрь
2024

"Бұл өмірде мен жалғыз емеспін" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

11 қазан күні ⚜️"Ұлы даланың ұлылары"⚜️ атты тәрбиешілер бірлестігінің онкүндігі аясында тәрбиешілер Б.Досекова, А.Мұстафаеваның ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларына Қазақстанның халық жазушысы, ақын Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналып, "Бұл өмірде мен жалғыз емеспін" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 
Тәрбие сағаты барысында Қазақстанның халық жазушысы, ақын Тұманбай Молдағалиевтің өмірбаянынан үзінді бейнеролик көрсетілді. Оқушылар жазушы, ақынның өлең жолдарын оқыды.
📝Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу совхозында дүниеге келген. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. 1956-1959 жж. «Пионер» журналында әдеби қызметкер, 1959-1971 жж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор. 1971-1973 жж. «Балдырған» журналында жауапты хатшы, 1973-1984 жж. «Жалын» альманахының бас редакторы. 1984-1986 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, «Балдырған» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
2011 жылы қазанның 10 күні дүниеден озды.
✍Қазақ поэзия­сы­на өл­шеусіз үлес қосқан қарымды қаламгер, көр­некті ақын Тұманбай Молдағалиевтің жарқын бейнесі оқырман­дарының жүрегінде мәңгі сақталады.
✅Мақсаты: Тұманбай Молдағалиевтің ақындық талантын, шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызын түсіндіру, рухани танымын кеңейту.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив