№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің "Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі" атты онкүндігі аясында "Мектеп театры" жобасы бойынша тарих және ағылшын пәнінің мұғалімдері В.Әлжан, Ж.Женсикбаеваның ұйымдастыруларымен 5-9 сынып аралығындағы оқушылар Т.Рысқұловтың 130 жылдығына орай "Қызыл жебе" театрландырған қойылым қойды.
Қойылым барысында оқушылар сомдаған ролдеріне жан бітіріп, кейіпкердің ішкі әлемі мен сыртқы болмысын үйлестіре біліп, барша көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
"Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын" деген екен қазақ сахна, кино өнерінің саңлағы Шәкен Айманов.
Мақсаты: Оқушылардың өнерге деген ынтасын, сахна мәдениетін қалыптастыруды үйрету.