

"Өмірге салауатты қадам"

№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында "Тіршіліктің негізі - салауатты болашақ" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараға "Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" маманы Абдирова Зарина Жұмабайқызы қатысып, оқушыларға зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігін айтып, денсаулықтың маңыздылығын түсіндіріп, мағлұмат беріп өтті.

Іс-шара барысында оқушылар "Салауатты өмірді қолдаймыз" және "Темекіге қарсымыз" тақырыптарда суреттер салып, қойылым қойды. Сонымен қатар оқушылар толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, қойған сұрақтарына толыққанды жауап алып, аса белсенділікпен қатысқандары үшін сый-сияпат алды.

Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Темиров сөз алып, келген маманға мазмұнды ақпараттар мен пайдалы кеңестері үшін ризашылығын айтып, алғысын білдірді.

Мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
