№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында бастауыш сынып пән бірлестігінің "Жаңаша оқыту - жетістік көзі" атты онкүндік аясында бастауыш сынып мұғалімі Қ.Маханбетова IT бағдарламашысы әрі мұғалімі С.Беисовпен бірге бірлесіп 1 "А" сынып оқушыларына "Мен және ғаламтор" тақырыбында сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырылып жүргізілді.
Сыныптан тыс жұмыс жүргізу барысында оқушыларға ғаламторды дұрыс пайдалану және пайдасы мен зияны жайлы түсінік бере отырып, ғаламтордан болатын зиянды әдеттерден сақтану керектігі айтылды.
Оқушылар ақпараттық технологияларды шамадан тыс пайдаланудың қаупін түсініп, өз ойларын ашық айтып, белсенді қатысты.